Баланың туған күніне шақыру дизайны
Баланың туған күні — бұл жарқын естелік пен жақын адамдар, бұл тәтті торт пен шақырудың ар жағында тұрған бақытты балалық шақ.
Егер тойды ерекше жасағыңыз келсе, оның алғашқы нотасы — шақырудан басталатынын есте сақтаңыз. Баланың туған күніне арналған шақыру — тек дата мен мекенжай ғана емес, баланың сүйікті мульт-кейіпкері, көңіл-күйі мен фантазиясы жиналған шағын ертегі беті болуы тиіс.
Шақыру дизайны нені білдіреді?
Туған күнге арналған шақыру — балаңыз туралы визуалды хикая.
Ол келетін қонаққа: - Қандай стильде кеш болады? - Тақырып қандай? - Баланың бейнесі қандай?,- деген сұрақтарға жауап береді.
Shaqyru24.kz сайтында қандай дизайн түрлері бар?
Shaqyru24.kz платформасында баланың туған күніне арналған түрлі шақыру шаблондары бар. Олар:
1. Мультфильм стилі
- Танымал кейіпкерлермен (аю, піл, динозавр, ханшайым)
- Ашық түстер, үлкен әріптер, көңілді бейнелер
- 1-3 жас аралығындағы балаларға өте жарайды
2. Ертегілік шақыру
- Принцесса, рыцарь, фея стиліндегі дизайн
- Жұмсақ реңдер (пастель), гүл мен жұлдыз өрнектері
- 4-6 жас аралығындағы қыз балаларға өте сәнді
3. Спорт және техника стилі
- Машина, футбол, робот, ғарыш
- Ашық, контраст түстер мен динамикалық иллюстрациялар
- 5-8 жастағы ұл балаларға қызықты
4. Минималист стиль
- Заманауи дизайн, аз мәтін, көп “бос орындар”
- Нәзік түстер мен стильді шрифт
- Трендтегі “инстаграмдық” ата-аналарға арналған
💌 Шақыруға не жазу керек?
Қысқа әрі көңілді форматта:
Құрметті [есімі],
Біздің қуанышымыздың жаңалығымыздың куәгері болыңыздар! [Балаңыздың аты] [жасы]-жасқа толып жатыр!
Осы ерекше күні бізбен бірге болуға шақырамыз 🎉 Күні: Уақыты: Мекенжай:
Онлайн шақыру — ата-аналар үшін таптырмас көмек
Shaqyru24.kz сайты арқылы сіз:
- Дайын шаблон таңдайсыз
- Сілтемені WhatsApp/Telegram/Instagram арқылы таратасыз
- Сайттағы сауалнаманың арқасында, келетін-келмейтінін алдын ала білесіз
- Сілтеме бойынша арнайы сайт арқылыQR-код жасап, фотоға немесе story-ге қосуға болады
Кеңес: Мерекенің стилін баланың қызығушылықтарымен байланыстырыңыз:
- Егер балаңызға аю ұнайды — “Forest Friends” стилін таңдаңыз
- Егер ол ғарышты жақсы көрсе — “Space Hero” дизайны жарайды
- Принцесса болса — “Magic Garden” немесе “Pink Dream” шаблондарын қараңыз
- Ал бір жасқа толып жатса — “1st Birthday” арнайы үлгісін таңдаңыз
Қорытынды
Балаңыздың туған күніне арналған шақыру — бұл жай ғана хат емес, қуанышқа шақырудың көркем түрі. Онлайн шақыру арқылы сіз уақыт үнемдейсіз, заманауи шақырту таратасыз, әрі достарыңыздың ықылас тілектерін сайттан көре аласыз.
Shaqyru24.kz — балаңыздың ерекше күнін сәнді етіп бастайтын ең оңай жол.