Тойды жоспарлау чек-листі: неден бастау керек?

4 мин. 73
Тойға дайындықты бірден “мейрамхана таңдаймыз ба,көйлек пе?”,- деп бастау оңай.Бірақ ең маңыздысы—қадамдар картасын құру керек, яғни дұрыс чек-лист жасау керек.
Тойды жоспарлау чек-листі: неден бастау керек?
Тойға дайындықты бірден “мейрамхана таңдаймыз ба,көйлек пе?”,- деп бастау оңай.Бірақ ең маңыздысы—қадамдар картасын құру керек, яғни дұрыс чек-лист жасау керек.

Тойды жоспарлау чек-листі: неден бастау керек?

 

Үйлену тойы — бір күн, бірақ дайындық бірнеше айға созылатыны баршамызға мәлім. Қобалжу, шатасу, уайым – бұл барша жас жұбайлардың басынан өтетін жағдайлары. Осылардың алдын алатын жалғыз әдіс — жүйелі жоспар құру.

 

Тойға дайындықты бірден “мейрамхана таңдаймыз ба, көйлек пе?” ,- деп бастау оңай. Бірақ ең маңыздысы — қадамдар картасын құру керек, яғни дұрыс чек-лист жасау арқылы өзіңіздің миыңыздағы хаосты реттейсіз. Келесі кеңестер арнайы сіз үшін әзірленген:

 

1. Той күні мен стилін анықтау керек.

 

Той күнін таңдау барысында маңызды оқиғаларға назар аударыңыз: маусымы қандай?; демалыс күндеріне түсіп тұр ма?; туған күндерге сәйкес келмейді ме?. Кеңес: кемінде 6 ай бұрын жоспарланғаны жақсы

 

Стиль таңдаңыз:

 

– Классикалық – Rustic (табиғи, ауыл үй стилі) – Glamour – Ұлттық (қазақы нақыш) – Минимализм

 

 Ескеріңіз: Тойыңызға таңдайтын стиль шақыру, декор, фотоаймақ, музыка — бәріне әсер етеді.

 

 2. Сіздің тойыңызға шақыруға болатын қонақтардың негізгі топтарының мысалдары:

 

Шақыруыңызға «келемін/ келмеймін» сауалнамасын қосу арқылы нақты кім келетіні туралы дерек жинаңыз. Shaqyru24.kz сайтында бұл автоматты түрде болады.

 

3. Мейрамхана немесе локация таңдау үшін келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

 

- Мейрамхананың орналасуы ыңғайлы ма?

 

- Парковка, би алаңы, ауа райына бейімділігі бар ма?

 

- Сыйымдылығы қандай? (шақырылатын қонақ санына сай ма?)

 

- Тағам мәзірі мен безендіру мүмкіндігі бар ма?

 

Кеңес: Локацияны ертерек жалға алу — ең басты шарттардың бірі.

 

4. Шақыру мен хабарламаны алдын-ала тарату:

 

- Онлайн шақыру жасау (тиімді әрі заманауи, қонақтарыңызға да өзіңізге де өте ыңғайлы шешім);

 

- Мәтіннің ақпараттарын анық қылып әрі қонақтарға деген құрметпен жазу;

 

- Қосымша: 2gis карта, дресс-код қосу;

 

Кеңес: Дәл осы ыңғайлылықпен шақыртуды Shaqyru24.kz сайты арқылы бірнеше минутта жасай аласыз. Ең жақсысы, бағасы бір кафедегі бір реттік тамақтанумен бірдей.

 

 5. Қалыңдық пен күйеу жігіттің образына назар аударыңыз:

 

- Көйлек, костюм, аяқ киімді асықпай таңдау;

 

- Макияж, шаш үлгісін таңдау;

 

- Аксессуарларды стильге сай таңдау (сәукеле, фата, гүл);

 

- Ертерек “репетициялық макияж” жасау қалыңдық үшін қосымша сенімділік береді.

 

6. Фото және видео контент:

 

- Фотограф пен видеографты ерте таңдау;

 

- Сценарий мен “must-have” кадрларды талқылау;

 

- Қалыңдықпен құрбылар, first look, love story бойынша қалауларыңызды операторға алдын-ала көрсету;

 

- Видео-влог түсіру (үйленуге дайындық, backstage).

 

7. Музыка және көңіл көтеру қонақтар үшін де, өзіңіз үшін де есте қаларлық болсын. Сондықтан келесі тізімді басшылыққа алыңыз:

 

- Тойыңызда жанды музыка ма немесе DJ болғаны дұрыс;

 

- Тост, квиз, шоу бағдарламаларды алдын-ала шоуменнен сұрап алыңыз;

 

- Би, флешмоб, интерактив ойындарды міндетті түрде сценарийге қосыңыз;

 

- Тосттар ретін алдын ала анықтау арқылы тойдың қызықты және бір деммен өтуін қадағалаңыз.

 

Кеңес: той болаты күні бұл жауапкершіліктің бәрін арнайы адамға немесе жақыныңызға тапсырыңыз. Барлығын той алдында өзіңіз шешкеніңізбен той бірінші кезекте сіздің қуанышыңыз сондықтан, өзіңіз сол күннен барынша ләззат алыңыз.

 

8. Декор және атмосфераға мән беріңіз:

 

- Фотоаймақты өзіңізге ұнайтындай жаныңызды салып дайындаңыз себебі, суретке түсетін қонақтар тойдан сіздің махаббатпен жасалған фотоаймақтан шынайы әсер алады;

 

- Гүлдер, шам, арт-зона үлгілерін ғаламтордан тауып көрсетіңіз;

 

- Түстер палитрасын (нәзік/ашық) анықтап алыңыз;

 

- Арт-дизайнермен бірге mood board жасау керек.

 

9. Қонақтарға кәдесыйды ұмытпаңыз, бірақ оған көп қаражат жұмсау маңызды емес:

 

- Жеке карточка берсеңіз болады;

 

- Мини-сыйлықты Қытайдан алдын-ала дайындасаңыз тиімді;

 

- Ризашылық хат (тойдан кейін жіберуге болады) қонақтардың есінде міндетті түрде қалады. Әрі осы арқылы әрбір қонаққа сыйластық лебізіңізді білдіруге болатын таптырмас мүмкіндік!

 

10. Өзіңізге де көңіл бөлу өте маңызды:

 

-       Той алдында ұйқы мен тыныштығыңызды ойлаңыз, бұл күні басты кейіпкер сіз!

 

-       Барынша көп нәрсені сенімді адамдарға тапсырыңыз, сенбесеңіз де өзіңізден артық жауапкершілікті алып тастаңыз. Той күні жайдарлы жүріңіз.

 

-       Демалуға уақыт қалсын сондықтан, бірінші қадамды міндетті түрде орындаңыз!

 

Қорытынды

 

Той дайындығы — шығармашылық пен жауапкершіліктің үйлесімі. Ең бастысы — барлық процесті ләззатпен жүргізу, уайымға емес, қуанышқа толы ету.

 

Ал шақырудан бастағыңыз келсе — Shaqyru24.kz сізге бірнеше минутта-ақ дайын, стильді және ыңғайлы онлайн шақыруды біздің сайтта таба аласыз. Шынайы махаббатпен, shaqyru24 командасы!

 

Тегтер

шақыру жасауқыз ұзатутойсүндет тойуйлену тойбесік тоймерей тойтуған күн.

Жақында сіздің де тойыңыз болады ма?

Қонақтарыңызды ең заманауи шақырумен шақырғыңыз келеді ме? Тек 5 минутта әзірлеңіз!

Басты бетке өту