Онлайн шақырудың артықшылықтары мен кемшіліктері

2 мин. 6
Көпшілігіміз үйлену тойы, туған күн немесе салтанатты шараны жоспарлағанда, шақыру билеттерін қалай жеткізуге болатынын ойланып қаламыз.
Онлайн шақырудың артықшылықтары мен кемшіліктері
Көпшілігіміз үйлену тойы, туған күн немесе салтанатты шараны жоспарлағанда, шақыру билеттерін қалай жеткізуге болатынын ойланып қаламыз.

Онлайн шақырудың артықшылықтары мен кемшіліктері

 

Көпшілігіміз үйлену тойы, туған күн немесе салтанатты шараны жоспарлағанда, шақыру билеттерін қалай жеткізуге болатынын ойланып қаламыз. Бүгінде дәстүрлі қағаз шақырулардан бөлек, онлайн шақырулар кеңінен қолданыла бастады.

 

Бұл шешім — заманауи, ыңғайлы әрі экологиялық. Дегенмен, кез келген форматтың өз артықшылықтары мен осал тұстары болады. Осы мақалада онлайн шақырудың нақты артық және кем тұстарын қарастырамыз. Ал шақырудың өздеріңізге ыңғайлы түрін таңдау, оқырман, сіздердің еншілеріңізде.

 

Артықшылықтары

 

1. Ыңғайлылық және жылдамдық

 

Онлайн шақыруды Shaqyru24.kz сайты арқылы бірнеше минутта жасап, бірден WhatsApp, Telegram, Instagram, Email арқылы таратуға болады. Уақыт үнемдейсіз, қағаз басып шығару, пошта арқылы жіберу сияқты жұмыстар жоқ.

 

2. Экономикалық тиімділік

 

Қағаз, баспа, жеткізу шығындары жоқ. Бар болғаны интернет пен смартфон қажет.

 

3. Экологиялық жауапкершілік

 

Онлайн формат табиғатты қорғауға үлес қосады — артық қағаз, пластик, қалдық жоқ.

 

4. Интерактивтілік

 

Онлайн шақыруға: музыка, видео, сурет, қонақтың келемін/келмеймін деп белгілей алуы үшін сауалнама, мекенжай картасы сияқты қосымша мүмкіндіктерді енгізе аласыз.

 

5. Тез өзгерту және жаңарту

 

Той күні немесе мекенжайы өзгерсе — бір батырмамен жаңартып, барлық қонаққа қайта жібере аласыз. Қағаз шақыруда мұндай икем жоқ.

 

6. Жеке дизайн және стиль

 

Shaqyru24.kz  платформасында дайын шаблондармен бірге, өз стиліңізге сай дизайн жасауға мүмкіндік бар. Бұл — эстетика мен бірегейлікке жол ашады.

 

Кемшіліктері

 

1. Үлкен кісілер үшін қолайсыз болуы мүмкін

 

Егде жастағы қонақтар онлайн сілтемені немесе QR-кодты қолдана алмауы мүмкін. Бірақ бұл жағдайда жақындары арқылы жеткізуге болады.

 

2. Технологияға тәуелділік

 

Интернет жоқ жерде немесе құрылғы істемесе — шақыру ашылмай қалуы мүмкін. Сондықтан маңызды қонақтарға қосымша ескерту берген жөн.

 

3. Эмоциялық әсердің аздығы

 

Кейбір адамдар үшін қағаз шақырудың жылуы, қолмен жазылған сөздердің әсері бөлек. Онлайн форматта мұндай сезім жоқ болуы мүмкін.

 

Қорытынды

 

Онлайн шақыру — бүгінгі күннің тиімді шешімі. Онлайн шақыру ұйымдастырушылар үшін: уақытты үнемдейді, шығынды азайтады, экологияны қолдауға көмектеседі, қонақтарға ақпаратты заманға сай ыңғайлы жеткізеді.

 

Бірақ қонақтарыңыздың ерекшеліктерін ескеріп, қажет болған жағдайда қосымша хабарласып қою сыйластық үшін— маңызды.

 

Өз шақыруыңызды жасау үшін біздің сайтқа кіріңіз: Shaqyru24.kz. Шақыру жасауға жаңаша, заманауи әрі ыңғайлы жолды Shaqyru24пен бірге таңдаңыз!

 

Тегтер

шақыру жасауқыз ұзатутойсүндет тойуйлену тойбесік тоймерей тойтуған күн.

Жақында сіздің де тойыңыз болады ма?

Қонақтарыңызды ең заманауи шақырумен шақырғыңыз келеді ме? Тек 5 минутта әзірлеңіз!

Басты бетке өту