Қалыңдық пен құрбылардың фотосессиясына дайындық.
"Құрбылар — өмірдегі қуаныштың айнасы, ал той күні — сол қуаныштың шарықтау сәті."
Үйлену тойы — бір адамның емес, жақын жандардың махаббат пен қуанышқа толы күні. Қалыңдық үшін оның ең жақын құрбылары — осы ерекше күннің басты куәгерлері ғана емес, ең басты қолдаушылары.
Сондықтан да соңғы жылдары қалыңдық пен құрбылар арасындағы арнайы фотосессиялар нағыз трендке айналды.
Бұндай фотосессия не үшін керек?
- Эмоцияны сақтау үшін;
- Жас күннің достығын мәңгі есте қалдыру үшін;
- Instagram мен фотоальбомға ерекше көріністер қосу үшін;
- Қалыңдықтың көңіл-күйін көтеру үшін.
Кейде дәл осы фотосессияда түсірілген кадрлар — бүкіл той альбомының ең шынайы, ең есте қалатын беттері болып шығады.
Қалай ұйымдастыру керек?
1 Уақытты алдын ала белгілеңіз, фотосессияны:
- Үйлену күні таңертең;
- Тойға барлық дайындық әзірленген соң;
- Немесе бөлек бір күні (love story сияқты) жасасаңыз болады.
Ұзақтығы: фотосессия үшін 30–60 минут — жеткілікті.
2 Киім үйлесімі маңызды
- Бір стильде (түстес көйлектер, футболка, халаттар) әзірлеуге болады;
- Бір образ — түрлі реңк (пастель, лаванда, капучино, пудра) жасауға болады;
- Құрбылар мен қалыңдықтың образындағы жалғыз “айырмашылық” — қалыңдықтың көйлегі ретінде таңдауға да болады.
Кеңес: фототосессияға дейін 1 күн бұрын киімді үтіктеу, ыңғайлы аяқ киім кию — сіздің өзіңізді жеңіл, уайымсыз сезінуіңізге әсер етеді.
3️ Реквизиттерді дайындаңыз:
- Гүл шоғы;
- Кофе/сусыны бар бокалдар;
- Қол жазулары (“Team Bride”, “Love”, “Қалыңдықтың құрбылары”);
- Сәулелі көзілдірік, шляпа, шар.
Бұл фотосессияға көңіл-күй, шынайылық, еркіндік сыйлайды.
4 Қимыл мен көңіл-күй кадрларын ғаламтордан дайындап қайталасаңыз болады.
Түсірілетін сәттерге идея:
- Бірге күліп тұрған кадр;
- Құшақтасып тұрған кадр;
- Шашты түзетіп тұрған кадр;
- “Секіріп түскен” кадр;
- Беташарға дайындық кадры.
Кеңес: Фотограф тек режиссер емес, эмоцияңызға әсер ете алатындай болсын. Фотографпен алдын-ала сөйлесіп, мұқият таңдаңыз. Фотографтан ұялып қажет емес, күнделікті мыңдаған адамдарды түсіріп жүретіндіктен сізді бірден ұмытып та кетеді. Сондықтан, естелік өзіңіз үшін, жаныңыз қалайтындай фотосессия жасаңыз.
Онлайн шақырумен байланыстыруға болады ма?
Иә, фотосессиядағы суреттерді сіз шақыруда қолдана аласыз. Егер сіз тойыңызға шақырту жасамаған болсаңыз, Shaqyru24.kz сайтында:
Қорытынды
Қалыңдық пен құрбылар фотосессиясы — бұл тек кадр емес, достықтың фотожазбасы. Сол сәттің жеңілдігі, күлкісі, құшақтасуы — бәрі жылдар өткенде қайта оралатын жылы естелікке айналады.
Ал бұл ерекше сәтке шақыру жасау үшін — Shaqyru24.kz көмегіне жүгініңіз.