Үйлену тойының түс палитрасын қалай таңдау керек?

3 мин. 1
Үйлену тойының түс палитрасы — сіздің стиліңіздің жүрегі. Ол декорға, киімге, гүлге, тіпті фотолардың жалпы энергиясына әсер етеді. Бұл — эмоция, атмосфера.
Үйлену тойының түс палитрасын қалай таңдау керек?
Үйлену тойының түс палитрасы — сіздің стиліңіздің жүрегі. Ол декорға, киімге, гүлге, тіпті фотолардың жалпы энергиясына әсер етеді. Бұл — эмоция, атмосфера.

Үйлену тойының түс палитрасын қалай таңдау керек — және оны қонақтарға қалай жеткізуге болады

?

 

 

Түс – бұл жай ғана фон емес. Бұл — эмоция, атмосфера, және сіз тойға дейін-ақ қонақтарға беретін алғашқы әсер.

 

Үйлену тойының түс палитрасы — сіздің стиліңіздің жүрегі. Ол декорға, киімге, гүлге, тіпті фотолардың жалпы энергиясына әсер етеді. Бірақ ең бастысы – осы палитраны дұрыс таңдап қана қоймай, оны қонақтарға көркем жеткізу.

 

 1. Палитраны неден бастау керек?

 

-  Локацияға назар аударыңыз

 

Той орнындағы табиғи түс гаммасы – шабыттың көзі: орман, қала, дала, винтаж кеңістік.

 

-  Маусымына байланысты таңдау

 

Көктем – нәзік түстер, жаз – ашық, күз – қоңыр, қызыл, қыс – сүтті ақшыл, изумруд, күміс реңдер.

 

-  Жеке мән беру

 

Алғаш кездескенде үстіңізде қандай түс болды? Сүйіктіңіздің ұнататын түсі қандай?

 

- Эмоцияларыңызды бейнелеу

 

Жеңілдік пе, тереңдік пе? Ашықтық па, жұмсақтық па? Мүмкін алаулаған оттың  түсіндей махаббат шығар?

 

2. 2025–2026 жылдарға арналған тренд палитралар

 

 - Sage + dusty rose + ivory — романтика

 

- Greige + персик + шалфей — нәзік минимализм

 

- Terracotta + оливковый + ақ — boho эстетика

 

- Лаванда + молочный + пудра — garden-party стилі

 

- Изумруд + капучино + алтын — кешкі салтанат

 

1 ғана түспен шектелмеңіз. Ең үйлесімді палитра — 2–4 түстен тұрады.

 

 3. Қонақтарға палитраны қалай әдепті жеткізуге болады?

 

Онлайн-шақыру арқылы

 

Ең заманауи және сыпайы тәсіл. Шақыру дизайнына палитраны қосыңыз немесе мәтінге жазыңыз:

 

«Біздің тойымыз soft green & champagne стилінде өтеді. Қонақтарымыздың осы палитраға үндес реңктерді таңдауы – біз үшін үлкен қуаныш болар еді!»

 

 Мұндай шақыруды небәрі 5 минутта Shaqyru24.kz сайтында жасап аласыз.

 

Dress code + мысалдар қосу

 

Шақыру мәтінінде немесе жеке сілтемемен:

 

Dress-code: шалфей, пудра, беж түсті киімдер (платье, костюм, аксессуар – өз қалауыңыз бойынша)

 

 Қосымша 2–3 фото-референс жіберсеңіз – көрнекі болады.

 

Mood board арқылы визуал ұсыну

 

Canva немесе Pinterest арқылы стильдік коллаж жасап, сілтемесін таратыңыз (чатта, Instagram Stories-та, т.б.)

 

Есте сақтаңыз:

 

- Қонақтар палитраны 100% сақтау міндетті емес, бұл — ұсыныс

 

- «Тек осы түсте келіңіз» деу — орынсыз

 

- Бұл — барлық қонақтың бір палитралы болу атмосферасы, дресс-контроль емес. Сондықтан егер қонағыңыз өтінішіңізді орындай алмаса қапаланбаңыз.

 

Қорытынды

 

Түс палитрасы — бұл сіздің тойыңыздың көркем тілі. Ол тілмен талғаммен сөйлей білсеңіз, қонақтарыңыздың есінде ұзақ сақталатын әсерлі сәттер туындайды. Сәнді, заманауи әрі ерекше онлайн-шақыруды Shaqyru24.kz сайтында оңай жасауға болады. Тойыңыздың әсемдікке толы атмосферасы — дәл сол алғашқы сілтемеден басталсын.

 

Тегтер

шақыру жасауқыз ұзатутойсүндет тойуйлену тойбесік тоймерей тойтуған күн.

Жақында сіздің де тойыңыз болады ма?

Қонақтарыңызды ең заманауи шақырумен шақырғыңыз келеді ме? Тек 5 минутта әзірлеңіз!

Басты бетке өту