Қалыңдықтың құрбысы болсаңыз – не істеу керек?

3 мин. 1
Қалыңдықтың құрбысы болу – бұл жай ғана бірдей көйлек киіп, фотоға түсу емес. Бұл – жауапкершілік, маңызды рөл және шынайы моральдық қолдау.
Қалыңдықтың құрбысы болсаңыз – не істеу керек?
Қалыңдықтың құрбысы болу – бұл жай ғана бірдей көйлек киіп, фотоға түсу емес. Бұл – жауапкершілік, маңызды рөл және шынайы моральдық қолдау.

 

Қалыңдықтың құрбысы болсаңыз – не істеу керек?

 

Міндеттер мен образ бойынша толық гид

 

Қалыңдықтың құрбысы болу – бұл жай ғана бірдей көйлек киіп, фотоға түсу емес. Бұл – жауапкершілік, маңызды рөл және шынайы моральдық қолдау. Сіз – сол күні бәрін есте сақтайтын басты кейіпкердің оң қолысыз.

 

Сізді қалыңдықтың құрбысы етіп таңдады ма? Құттықтаймыз – сіз махаббат командасындасыз! Енді не істеу керек, не кию керек, не алып бару қажет – бәрін рет-ретімен айтып берейік.

 

1.     Құрбы ретіндегі рөл: сырттай емес, шынай жанында болатын қолдау

 

Ең басты міндетіңіз – уақытында жанында болу. Бұл – шлейф ұстау емес, шынайы қолдау көрсету:

 

-       Мерекенің кестесін есте сақтау

 

-       Қызойнақ (девичник) ұйымдастыруға көмектесу

 

-       Қалыңдық аш қалмасын, шөлдемесін, күйзелмесін деп бақылау

 

-       Күні бойы болатын жоспарды білу

 

-       Қонақтар, фотограф және ұйымдастырушылармен байланыстыру

 

-       Бет бояу, шаш үлгісі мен эмоцияларды бақылау

 

Мінсіз құрбы – сабырлы, сенімді, кішігірім сөмкемен, қуатталған телефоны бар адам.

 

2.     Той күні не алып бару керек?

 

Қалыңдық құрбысына арналған "must-have" тізім:

 

-       Пудра, майлық, далап

 

-       Лейкопластырь (аяқ киімге қажет болуы мүмкін)

 

-       Телефон қуаттағыш немесе пауэрбанк

 

-       Шаш резинкасы, қыстырғыштар

 

-       Түйме, ине-жіп

 

-       Сағыз

 

-       Су мен жеңіл тіскебасар

 

-       Антисептик

 

-       Жылы сөз және бақыт сыйлайтын күлкі

 

Шағын clutch немесе кросс-боди сөмке алсаңыз – барлығы сөмкенің ішіне сыйып кетеді.

 

3.     Образ: үйлесімділік пен стиль

 

Кейде қалыңдық өз құрбыларына бірдей түсті, матаны немесе фасонды таңдап береді. Бірақ егер ондай болмаса:

 

-       Түстік гамманы нақтылаңыз

 

-       Тойдың форматы (табиғатта, залда, классика ма?)

 

-       Атмосфера (бохо ма, минимализм бе, салтанат па?)

 

-       Ұзындық, декольте – бәрінің үйлесімділігі маңызды

 

Тренд: миди ұзындық, бір реңк, жеңіл мата және жарқыраусыз.

 

4.     Мінез-құлық пен атмосфера

 

Сіз – қалыңдықтың тойдағы ең жақынысыз.

 

-       Сабырлы болыңыз (тойдың да өз кемшіліктері болуы мүмкін)

 

-       Қолдау көрсетіңіз (қалыңдық қобалжуы мүмкін)

 

-       Энергияға толы болыңыз (көңіл-күй түсетін жайттар болса да, мән бермеңіз)

 

-       Әрдайым жымиыңыз – сізге қарап қалыңдық өзін жайлы сезінетін болады!

 

Қалыңдық шаршаған сәтте – сіздің қолдауыңызға мұқтаж болады. Той - жәй ғана бір күн емес, қанша уақыттан бері жоспарланатын ерекше күн. Әрбір қалыңдықтың өз мінсіз тойы ойында болады, егер белгілі бір себептермен қателіктер кетіп жатса, қалыңдықтың көңіл-күйін көтеру сіздің мойныңызда екенін ұмытпаңыз.

 

5.     Фото, сторис және әдеп

 

 

 

-       Фото түсіріңіз, бірақ қалыңдықтан бұрын жарияламаңыз!

 

-       Қай сәттерді түсіруге болатынын нақтылаңыз

 

-       Фото сәтінде – көмек беріңіз (ракурс, поза, подол)

 

-       Тілек айтқанда түзу тұрыңыз, көйлегіңіз ыңғайлы болсын – сіз кадр ортасындасыз

 

Қорытынды

 

Қалыңдықтың құрбысы болу – бұл тек өткінші рөл емес, Бұл – махаббат, достық және нәзік жанашырлықтың символы. Сіз тек фотода емес, еске алатын ең маңызды сәттерде боласыз.

 

Тегтер

шақыру жасауқыз ұзатутойсүндет тойуйлену тойбесік тоймерей тойтуған күн.

Жақында сіздің де тойыңыз болады ма?

Қонақтарыңызды ең заманауи шақырумен шақырғыңыз келеді ме? Тек 5 минутта әзірлеңіз!

Басты бетке өту