Қазақ тойының ерекшеліктері: дәстүр мен заманауи стиль

2 мин. 9
Қазақ тойы — бұл тек мереке емес. Бұл — дәстүр, рухани жалғастық, рудың, отбасының, ұлттың ұрпақпен байланысы.
Қазақ тойының ерекшеліктері: дәстүр мен заманауи стиль
Қазақ тойы — бұл тек мереке емес. Бұл — дәстүр, рухани жалғастық, рудың, отбасының, ұлттың ұрпақпен байланысы.

Қазақ тойының ерекшеліктері: дәстүр мен заманауи стиль

 

Бір кезде көшпелі өмір салтында отау тігіп, киіз үй тіккен той — бүгінде мейрамхананың шам жарығында тойланатын болды. Бірақ, бір нәрсе өзгерген жоқ: той — қазақ үшін мәңгілік құндылық.

 

Қазақ тойы — бұл тек мереке емес. Бұл — дәстүр, рухани жалғастық, рудың, отбасының, ұлттың ұрпақпен байланысы. Уақыт озған сайын тойдың формасы өзгерсе де, мәні, салмағы, әсері өзгерген жоқ.

 

Бүгінде біз тойды «сценариймен жасаймыз», бірақ жүректе бұрынғыдай — бата, ықылас, шапан, тізе бүктірер кішілік.

 

Дәстүр: төрде отырған үлкендердің тілегі

 

Қазақ тойының негізгі өзегі — салт-дәстүрге негізделген руханият. Қалың мал, құдалық, беташар, шымылдық, жар-жар — бұл рәсімдер кездейсоқтық емес, ұрпаққа аманат.

 

Тойда:

 

ü  Үлкендерге төр ұсынылады

 

ü  Бата — ас атасы ғана емес, сөз өнері

 

ü  Жастарға өнеге айтылады

 

ü  Киіт — тектілік белгісі

 

Бұрын қыз ұзату — ата-ананың көз жасымен аттандыратын ең ауыр сәті болса, бүгінде ол гүлдер мен әдемі декорға оралған әсерлі кешке айналды.

 

Заманауи стиль: эмоция, визуал, жеңіл формат

 

Қазір тойға келген қонақ:

 

-Фото аймақ іздейді;

 

-Stories-ке түсіреді;

 

-Live музыка күтеді;

 

-Бірнеше тост емес, интерактивті формат күтеді.

 

Жаңа буын тойы — бұл эмоция мен стильдің үйлесімі. Мейрамханадағы light-show, тікелей эфир, қонақтың атына арналған QR шақыру — бәрі де тойды тек көңіл көтеру емес, есте қалатын медиа-шоуға айналдырды.

 

 Онлайн шақыру — осы заманның шешімі

 

Қазақы тойдың шапанын кие отырып, бүгінгі күннің ритміне сай болу үшін, көптеген жұптар қағаз шақырудан гөрі онлайн сілтемелі шақыруды таңдайды.

 

Shaqyru24.kz — дәл осы үшін жасалған:

 

-Қазақша, әдемі, мәні бар шақыру;

 

-Барлық мәліметті қамтитын формат;

 

-WhatsApp, Telegram, Instagram арқылы тарату;

 

-Қонақтың атына бейімдеу;

 

-Қонақтардың сауалнамасы;

 

-QR-код жасау (сыртқы сайттар арқылы).

 

Теңгерім: дәстүр мен технология қатар жүргенде

 

Ең бастысы — тойдың жаны мен жүрегі сақталса болды. Мейлі сіз тойды ауылда өткізіңіз, мейлі бес жұлдызды мейрамханада жасаңыз — қазақ тойының қадірін төмендетпеңіз, қайта заманға сай көрсетіңіз.

 

Себебі бүгінгі той — ата-дәстүр мен жаңа мәдениеттің тоғысы. Заманауи шақыру — дәстүрдің өзге формасы. Shaqyru24.kz арқылы өзіңізге сай тойдың алғашқы нотасын жасап көріңіз.

 

Тегтер

шақыру жасауқыз ұзатутойсүндет тойуйлену тойбесік тоймерей тойтуған күн.

Жақында сіздің де тойыңыз болады ма?

Қонақтарыңызды ең заманауи шақырумен шақырғыңыз келеді ме? Тек 5 минутта әзірлеңіз!

Басты бетке өту