Туған күнге көңілді онлайн шақыру жасап, қонақтарға WhatsApp арқылы бір сілтемемен жіберіңіз. Телефоннан 5 минутта дайын.

Біздің шаблондар жинағынан кейбіреулері. Барлық категория мен шаблондарды көру үшін төмендегі түймені басыңыз.
Барлық шаблондарды көру

Балаға да, үлкенге де лайық шақыру жасаңыз.
Сәбидің алғашқы туған күніне арналған нәзік шақырулар.
Балалар туған күніне арналған жарқын, көңілді үлгілер.
Сыныптастар мен достарға арналған заманауи шақырулар.
18 жасқа толу кешіне арналған стильді шақырулар.
Мейрамханадағы немесе үйдегі кешке арналған шақырулар.
Туыстар мен әріптестерді шақыруға арналған салмақты үлгілер.
Туған күн — жыл сайын келетін, бірақ әрқашан асыға күтетін мереке. Баланың алғашқы туған күні болсын, достармен өтетін кеш болсын, қонақтарды алдын ала әдемі шақыру мерекелік көңіл-күйді сол сәттен бастап сыйлайды.
Онлайн шақыруда туған күн иесінің есімі мен жасы, мерекенің күні мен уақыты, өтетін орнының мекенжайы мен картасы көрсетіледі. Қонақтар сілтемені ашып, келетін-келмейтінін бірден белгілейді, ал сіз қанша адам келетінін алдын ала білесіз.
Сайт-шақыруды қағаз шақыру сияқты басып шығарудың және үйме-үй таратудың қажеті жоқ: бір сілтемені WhatsApp, Telegram немесе Instagram арқылы барлық қонаққа бірден жібересіз. Шақыруды қазақ немесе орыс тілінде жасауға болады.
Туған күнге арналған дизайнды таңдап, демо нұсқасын тегін қараңыз.
Туған күн иесінің есімін, жасын, мерекенің күні мен уақытын, мекенжайды жазыңыз.
Мереке иесінің суретін, сүйікті әнін және картаны қосыңыз.
Дайын сілтемені WhatsApp арқылы жіберіп, қонақтардың жауабын жеке кабинетте көріңіз.
Шақыру телефоннан 5 минутта жасалады, дизайнердің көмегі қажет емес.
Кім келетінін алдын ала біліп, дастарқан мен орынды дұрыс жоспарлайсыз.
Қонақтар мереке өтетін жерді картадан оңай табады.
Басып шығаруға және таратуға уақыт пен ақша жұмсамайсыз.
Үлгілерді және олардың демо нұсқасын тегін көре аласыз. Туған күнге арналған сайт-шақырудың бағасы — 4 900 ₸.
Дайын мәтінді көшіріп, өз мәліметтеріңізді қойыңыз.
Құрметті қонақтар! Ұлымыз Нұрасылдың алғашқы туған күніне арналған ақ дастарқанымыздың қадірлі қонағы болуға шақырамыз. Күні: 14 наурыз, 17:00 Орны: Алматы қ., «Таңшолпан» мейрамханасы Той иелері: Ерлан – Айгерім
Қымбатты достар! Мен 30 жасқа толамын! Осы қуанышты күнді сіздермен бірге атап өткім келеді. Күні: 22 сәуір, 19:00 Орны: Астана қ., «Лагуна» кафесі Келетін-келмейтініңізді сілтеме арқылы белгілеп жіберіңіз. Асыға күтемін, Әсем
Сәлеметсіз бе! Қызымыз Айшаның 7 жасқа толуына арналған мерекеге шақырамыз: 10 мамыр, 16:00, «Балапан» ойын орталығы. Толығырақ — шақыру сілтемесінде.
1–2 апта бұрын жіберген дұрыс. Басқа қаладан келетін қонақтарға — ертерек.
Дайын шақырудың сілтемесін WhatsApp, Telegram немесе кез келген мессенджер арқылы жіберуге болады. Қонақтарға ештеңе орнатудың қажеті жоқ.
Иә. Қонақтар шақыруда келетін-келмейтінін белгілейді, жауаптар сіздің жеке кабинетіңізге түседі.
Иә, балаларға арналған көңілді шақыру жасап, сілтемені ата-аналарға жіберуге болады.
Шақыруды қазақ немесе орыс тілінде жасауға болады.
Иә, әр үлгінің демо нұсқасын тегін ашып көруге болады.
Біздің қызметті пайдаланған клиенттердің нақты пікірлері
“Шақырту тамаша шықты! Барлық қонақтар қуанышта болды. Телефоннан тікелей 5 минутта жасадым — өте ыңғайлы.”
“Оңай әрі тез жасалады. Шаблондар өте сәнді және заманауи. Жаңа технологиялармен тойға дайындық оңай болды.”
“Шақыртулар өте әдемі шықты. Қонақтар қуанышта болды. Қызметке толығымен ризамын!”
“Pro нұсқасы шынымен керемет! Фотоны өңдеу мүмкіндігі өте пайдалы болды. Осындай сервис үшін рахмет.”
Бүгін шақырту жасаңыз және тәжірибеңізбен бөлісіңіз
Біздің мамандар жарқын шақыру жасауға көмектеседі
Әр ерекше сәт үшін кәсіби үлгілер