💕 #1 үйлену тойлары үшін🎉 10000+ жұп

Үйлену тойға шақыру онлайн

Үйлену тойыңызға сәнді онлайн шақыру жасап, қонақтарға WhatsApp арқылы бір сілтемемен жіберіңіз. Телефоннан 5 минутта дайын.

🎨 Дайын үлгілер
🎵 Әуен қосу
📍 Карта және мекенжай
✅ Қонақтардың жауабы
Үйлену тойға онлайн шақыру үлгілері

Үйлену тойына арналған шақыру үлгілері

Біздің шаблондар жинағынан кейбіреулері. Барлық категория мен шаблондарды көру үшін төмендегі түймені басыңыз.

Барлық шаблондарды көру
Классика
18:00
4900 ₸
САЙТ

Классика

Элегантты
18:00
4900 ₸
САЙТ

Элегантты

Дәстүрлі
18:00
4900 ₸
САЙТ

Дәстүрлі

Заманауи
18:00
4900 ₸
САЙТ

Заманауи

Үйлену тойға онлайн шақыру

Үйлену тойы — екі жастың жаңа отбасын құрып, шаңырақ көтеретін ең қуанышты күні. Тойға туыс-туған, құда-жекжат, дос-жаран жиналады, сондықтан шақыруды уақытында және әдемі етіп жеткізу маңызды.

Бұрын шақыру билетін басып шығарып, әр үйге апарып беретін. Қазір бір сілтеме жеткілікті: онлайн шақыруда тойдың күні мен уақыты, мейрамхананың мекенжайы мен картасы, жұптың есімдері, той иелері және әуен бар. Қонақ сілтемені ашып, келетін-келмейтінін бірден белгілейді.

Shaqyru24-те үйлену тойына, қыз ұзатуға, мерейтойға және басқа тойларға арналған дайын үлгілер бар. Шақыруды телефоннан, ешқандай бағдарлама орнатпай жасайсыз.

Үйлену тойға шақыру қалай жасалады

  1. 1

    Үлгіні таңдаңыз

    Жоғарыдағы үлгілердің бірін ашып, демо нұсқасын көріңіз. Түсі мен стилі ұнағанын таңдаңыз.

  2. 2

    Мәліметтерді толтырыңыз

    Жұптың есімдерін, той иелерін, тойдың күні мен уақытын және мейрамхананың мекенжайын жазыңыз.

  3. 3

    Фото, әуен және карта қосыңыз

    Қаласаңыз, ортақ фотоларыңызды, әуенді және мейрамхананың картасын қосыңыз.

  4. 4

    WhatsApp арқылы жіберіңіз

    Дайын сілтемені қонақтарға жіберіңіз. Әр қонақтың есімін шақыруға жеке қосуға болады.

Онлайн шақырудың артықшылықтары

✓ Басып шығарудың қажеті жоқ

Қағазға, баспаханаға және таратуға кететін уақыт үнемделеді. Шақыру қонақтың телефонына бірден жетеді.

✓ Қонақтардың жауабы

Кім келетінін, неше адам болатынын және қонақтардың тілектерін жеке кабинетте көресіз.

✓ Жеке шақыру

Әр қонаққа өз есімімен жеке шақыру жіберуге болады — бұл қонаққа деген үлкен құрмет.

✓ Карта және мекенжай

Мейрамхананың мекенжайы картада көрсетіледі, қонақтар жолды оңай табады.

Бағасы

Үлгілерді және олардың демо нұсқасын тегін көре аласыз. Үйлену тойына арналған сайт-шақырудың бағасы — 4 900 ₸.

Үйлену тойға шақыру мәтіні: дайын үлгілер

Төмендегі мәтіндерді көшіріп, есімдерді, күнді және мекенжайды өзгертіп пайдалана аласыз.

Ата-ана атынан (дәстүрлі)

Құрметті ағайын-туыс, құда-жекжат, дос-жарандар! Сіздерді ұлымыз Айдос пен келініміз Аружанның шаңырақ көтеру тойына арналған салтанатты ақ дастарханымыздың қадірлі қонағы болуға шақырамыз. Той салтанаты: 12 маусым, сағат 18:00 Мекенжайы: Алматы қ., «Алтын сарай» мейрамханасы Той иелері: Ержан – Гүлнар

Жұптың атынан (заманауи)

Қымбатты достар! Біз өміріміздегі ең маңызды күнді сіздермен бірге атап өткіміз келеді. Үйлену тойымызға шақырамыз! Күні: 12 маусым, сағат 18:00 Мекенжайы: Астана қ., «Нұр» мейрамханасы Сіздерді асыға күтеміз, Айдос пен Аружан

Қысқа нұсқа (WhatsApp үшін)

Ассалаумағалейкум! Сіздерді 12 маусым күні сағат 18:00-де «Алтын сарай» мейрамханасында өтетін Айдос пен Аружанның үйлену тойына шақырамыз. Толық ақпарат — шақыру сілтемесінде.

Шақыруды жіберу бойынша кеңестер

  • ●Ерте жіберіңіз: шақыруды тойдан 3–4 апта бұрын жіберген дұрыс, алыстан келетін қонақтарға одан да ерте.
  • ●Үлкендерге жеке хабарласыңыз: ата-әжелер мен құрметті қонақтарға сілтемені жіберген соң қоңырау шалып, ауызша да шақырыңыз.
  • ●Тойдан бір-екі күн бұрын еске салыңыз: сілтемені қайта жіберіп, уақыт пен мекенжайды еске салыңыз.
  • ●Жауаптарды қадағалаңыз: келетін қонақтардың нақты санын біліп, мейрамханаға дұрыс сан айтыңыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Үйлену тойға шақыру жасауға қанша уақыт кетеді?

+

Әдетте 5–10 минут. Үлгіні таңдап, мәліметтерді толтырасыз — шақыру бірден дайын болады.

Шақыруды қонақтарға қалай жіберемін?

+

Дайын шақырудың сілтемесін WhatsApp, Telegram немесе кез келген мессенджер арқылы жібересіз. Қонақтарға бағдарлама орнатудың қажеті жоқ.

Кім келетінін білуге бола ма?

+

Иә. Қонақтар шақыруда келетінін немесе келмейтінін белгілейді, ал жауаптар сіздің жеке кабинетіңізге түседі.

Шақыруға фото мен әуен қосуға бола ма?

+

Иә, фото, әуен және мейрамхананың картасын қосуға болады.

Шақыруды қай тілде жасауға болады?

+

Шақыруды қазақ немесе орыс тілінде жасауға болады.

Үлгіні сатып алмай тұрып көруге бола ма?

+

Иә, әр үлгінің демо нұсқасын тегін ашып көре аласыз.

Клиенттер пікірлері SHAQYRU24

Біздің қызметті пайдаланған клиенттердің нақты пікірлері

А

Айгүл

5.0
“Шақырту тамаша шықты! Барлық қонақтар қуанышта болды. Телефоннан тікелей 5 минутта жасадым — өте ыңғайлы.”
14 наурыз 2025
Тексерілген
Д

Дәулет

5.0
“Оңай әрі тез жасалады. Шаблондар өте сәнді және заманауи. Жаңа технологиялармен тойға дайындық оңай болды.”
10 наурыз 2025
Тексерілген
М

Мадина

5.0
“Шақыртулар өте әдемі шықты. Қонақтар қуанышта болды. Қызметке толығымен ризамын!”
5 наурыз 2025
Тексерілген
С

Саламат

5.0
“Pro нұсқасы шынымен керемет! Фотоны өңдеу мүмкіндігі өте пайдалы болды. Осындай сервис үшін рахмет.”
28 ақпан 2025
Тексерілген
10,000+
Қанағаттанған клиенттер
4.9
Орташа рейтинг
99%
Ұсыну деңгейі

Сіз де осындай пікір қалдыра аласыз!

Бүгін шақырту жасаңыз және тәжірибеңізбен бөлісіңіз

Үйлену тойға шақыру жасауға көмек керек пе?

Біздің мамандар шақыру жасауға көмектеседі

Бізбен байланысу